
Жеке менеджер көлік құралдарын тіркеу, есепке қою және есептен шығару, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру секілді қызметтер бойынша құжаттарды рәсімдейді. Бұл қызмет ақылы - 6088 теңге, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.
"Мемлекеттік корпорация Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізді. Енді жеке менеджер қызмет алушыларды басым кезек бойынша қабылдайды", делінген корпорацияның хабарламасында.
Айта кету керек, жеке менеджер биылдан бастап барлық мемлекеттік халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетеді.