Атырау, 1 маусым 04:28
 снегВ Атырау +12.8
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

​«Самұрық-Қазына» еншілес компанияларының бірін таратуды жоспарлап отыр – Жақыпов

928 рет қаралды
Сурет: report.az

Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту тапсырмасы аясында Қор құрылымын оңтайландырып, еншілес компания «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС-ін тарату туралы мәселені Қордың Директорлар кеңесінің қарауына ұсыну жөнінде шешім қабылданды.

«Самұрық-Қазына» Қор тобындағы активтердің тиімділігі мен олардың құнын арттыру, сондай-ақ, бейіндік емес активтерден арылу бойынша жұмыстарды жалғастыруда», – деді Жақыпов.

Жиынға Қор басшылығы, Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Сондай-ақ, Жақыпов Қордың былтыр атқарған жұмысының негізгі нәтижелері жайлы айтты:

  • 2021-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық табыс 13%-ға, ал EBITDA – 5%-ға өскен.
  • 2024 жылы мемлекетке 1,354 трлн теңге төленді, бұл портфельдік компаниялардан түскен дивидендтердің көлемінен 6 есе көп.

«Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесі – азаматтық қоғам мүдделерін қорғау, қоғамдық пікірді ескере отырып шешімдер қабылдау, сондай-ақ Қор мен оған қарасты ұлттық компаниялардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға бағытталған консультативтік-кеңесші, бақылаушы орган.

14 наурыз 2025, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.