Үндістанда апатқа ұшыраған "Синдхуракшак" сүңгуір қайығы.Үндістан әскери күштері пайдаланып жүрген, Ресейде жасалған Sindhurakshak ("Синдхуракшах") сүңгуір қайығы сәрсенбіге қараған түні Мумбай порты маңында жарылып, өртенген соң суға батып кетті.
Үндістан әскери теңіз күштері өкілдерінің хабарлауынша, бортта қалған 18 теңізші із-түзсіз жоғалған. Үндістанның қорғаныс министрі Аракапарамбил Энтони кейбір теңізшілердің қаза тапқанын растап, оқиғаны "соңғы уақыттағы ең үлкен апат" деп атады. Бірнеше теңізші жараланып, ауруханаға түскен.
Жарылыстың неден шыққаны әзірге белгісіз.
16 жыл бұрын жасалған сүңгуір қайық таяуда ғана Ресейде күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңартылған.