Атырау, 24 желтоқсан 01:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Атырау облысында кассирге заңсыз ставка қабылдағаны үшін айыппұл салынды

1 148 рет қаралды

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 444-бабының 1-бөлігі бойынша Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Н. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап 2024 жылдың 24 наурыз айы аралығында букмекерлік кеңседе кассир қызметінде жұмыс жасап, арнайы рұқсатсыз (лицензиясыз) заңсыз құмар ойынға қатысу үшін ставка қабылдаған.  

Н.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі өзінің соттағы мойындау жауабымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауал қою хаттамасымен және басқа да іс құжаттарымен дәлелденді. 

Сот қаулысымен Н. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 738 400 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді. 

13 наурыз, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.