Атырау, 22 желтоқсан 22:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Каспий теңізінде ​әуе бақылауы кезінде 150 итбалық тіркелді

1 135 рет қаралды

12 наурыз күні Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдерімен бірге Каспий теңізі маңындағы аралдарға әуе арқылы шолу жасады. Бұл рейд сирек кездесетін Каспий итбалықтарының жағдайын бақылау мақсатында ұйымдастырылды.

- Әуе шолуы Ақтау қаласынан басталып, Бұрұншық ауылына дейінгі аумақты қамтыды. Сонымен бірге Солтүстік Каспий, Итбалық, Баутино және Саура аймақтары зерттелді. Жүргізілген бақылау барысында мұз үстінде және суда жүрген 150-ге жуық итбалық тіркелді. Ал теңізден алыстау, елді мекендерге жақын аумақтарда итбалықтар байқалмады, - деді Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы Рүстем Қорқытов.

Оның айтуынша, былтыр осы теңіз жануарларын қорғау үшін арнайы резерват құрылған болатын. Бұл қорық итбалықтардың табиғи мекендерін сақтап, жойылып кету қаупі бар түрдің санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз қызметі ұсынды 

13 наурыз, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.