Атырау, 1 сәуір 01:55
 ашықВ Атырау +16
$ 504.44
€ 545.65
₽ 5.95

АҚШ Сауда министрі: Канада «51-штат» болуы тиіс

360 просмотра
Сурет: АА

«Канаданың 51-штатқа айналуы – Канада мен АҚШ экономикаларын біріктірудің ең жақсы жолы», – деп мәлімдеді АҚШ Сауда министрі Говард Лютник Fox Business арнасындағы бағдарламалардың бірінде. Бұл туралы АА хабарлайды.

The Hill басылымының хабарлауынша, Лютник Канада мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

«Олар АҚШ-тың 51-штаты болудың керемет артықшылықтарын ескеруі керек», – деді ол.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше рет Канаданың АҚШ құрамына 51-штат ретінде қосылуы керек екенін айтқан. Трамптың пікірінше, канадалықтар да АҚШ-тың бір бөлігі болғысы келеді. Сонымен қатар, Ақ үй басшысы премьер-министр Джастин Трюдоны бірнеше рет «Канада штатының губернаторы» деп атаған.

13 наурыз, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16