Атырау, 29 қазан 23:52
 дождьВ Атырау +12.3
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалған күннің ертесіне қызметінен кетті

1 056 рет қаралды
Сурет: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Lada.kz-тің хабарлауынша, Ақтау әкімінің орынбасары Әсет Шопанов тағайындалған күннің ертеңінде қызметінен босатылған.

Қала әкімдігі Әсет Шопановтың Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен босатылғанын хабарлады.

Әсет Шопанов 3 наурыз күні Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Ал 4 наурыз күні ол өз еркімен бұл қызметтен босатылды, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, 2024 жылдың мамыр айында осы шенеунікке қатаң сөгіс берілген болатын.

13 наурыз 2025, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.