Атырау, 15 наурыз 11:58
 ашықВ Атырау +16
$ 505.15
€ 550.31
₽ 5.89

Эмоцияларын ұстай алмады: Атырауда екі әйел сот мүлкіне зиян келтіргені үшін сотталды

528 просмотра

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында сот залының мүлкін қасақана бүлдірді деп айыпталған азаматшалар М. және Н.-ға қатысты істер қаралды. 

Сотта анықталғандай, сот процесі кезінде азаматша М. сот отырысы залында тұрған компьютердің мониторын және 3 микрофонды қолымен қағып бүлдірген. Ал азаматша Н. сот отырысы залының есігін аяғымен текіп, сындырған.

Іс материалдары олардың кінәсін дәлелдеді. Нәтижесінде, оларға әкімшілік айыппұл салынды.

Соттың қаулылары заңды күшіне енді.

13 наурыз, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16