Атырау, 9 сәуір 0549
 ашықВ Атырау +12
$ 518.57
€ 566.59
₽ 6.05

Жайық-Каспий каналын тереңдету жұмыстары жүргізілмейді

780 просмотра

Атырау облысында алдағы су тасқыны ҚР Көлік министрлігінің Жайық-Каспий каналын кеме қатынасына қолайлы ету жөніндегі ауқымды жоспарын жүзеге асыруға кедергі келтірді.

Еске салайық, оның мәні теңізге құятын арнаны 2,5-3 метрге дейін тереңдетіп, басқа елдерге экспорттық жөнелтілімдер үшін ірі тоннажды кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету болатын.

2024 жылы республикалық бюджеттен каналды тереңдету жұмыстарына 5,3 млрд теңге бөлінді. Көлік министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы каналдағы тереңдету жұмыстарының көлемі небәрі 51 мың м3 құрады. Бұдан да көп жасар еді, бірақ жұмыс жасалып жатқан жерге мол су келіп, оған қоса қатты шегерме жел тұрып,  тереңдету техникасының жиі істен шығуына әкелді. Теңіз машиналары сол жерлерде балық ауларын «ұмытып кеткен» браконьерлердің кінәсінен де бұзылып қалады екен. Ал жұмысшыларға тамырымен жұлынған ағаштар және ағынмен бірге келген басқа да қоқыстар кедергі келтірген. Соның салдарынан жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды.

«2024 жылдың қазан айында жүргізілген батиметрия нәтижелері бойынша каналдың теңіз бөлігінің 48-ден 56 шақырымға дейінгі тереңдігі жобалық 2,5 метрдің орнына 0,5-1,5 метр болды», - деді ҚР Көлік вице-министрі Мақсат ҚАЛИАҚПАРОВ "АЖ" тілшісіне берген жауабында.

Осы жылы каналды тереңдету жұмыстарына республикалық бюджеттен қаражат бөлмеу туралы шешім қабылданды, бірақ Көлік министрлігі каналды кеме жүзетін ету идеясынан да әзірге бас тартқан жоқ. Қазіргі уақытта 1,1 млн м3 көлемінде тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін 2026 жылға арналған бюджеттік өтінім қалыптастырылды.

Тағы бір жаңалық – Атыраудың өзінің теңіз тереңдеткіші болады және оның құны ҚР бюджетіне енгізілді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

13 наурыз, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16