
"АЖ" редакциясына Мақат ауданы Доссор кентінің Ж. Ботабайұлы тұрғындарынан шағым түсті.
- Ауа райы қолайсыз болғанда, әсіресе лайсаң күндері біздің көшенің тұрғындары батпақ кешіп, қиындықтан арылмауда. Әсіресе, мектепке баратын балаларымыздың мектепке баруы қиындады. Оның үстіне бұл көше тұрғындарының 90 пайызы зейнеттегі қариялар. Біз Сіздерден көмек сұраймыз, - дейді тұрғындар.
Осы шағым негізінде аудан әкімі Азамат МӘМБЕТОВКЕ хабарласып, мына тұрғыда жауап келді.
- Қазіргі таңда Доссор кентінде көшеішілік 28,7 км жолды салу үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Мердігер мекеме анықталғасын кенттегі көшеішілік жол құрылысы басталады. Бұл жобада Ж. Ботабайұлы көшесі де бар. Сондай-ақ бұл көшеге көше жарықтары орнатылады, - дейді Мәмбетов.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА