Атырау, 9 желтоқсан 02:41
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Каспий итбалықтарының жатағы бар аралдарға әуе шолу жүргізілді

466 рет қаралды

Жайық-Каспий аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Маңғыстау облысы әкімдігі, «Qazaq balyk» республикалық балық шаруашылығы және аквакультура қауымдастығының өкілдері мен қоғам белсенділерімен бірлесіп, Каспий итбалықтарының жатақтары орналасқан аралдарға әуе шолу жасады.

Шолу Ақтау әуежайынан бастап Бұрыншық мүйісіне дейінгі аумақты қамтыды, оның ішінде Солтүстік Каспий, Итбалық аралы, Баутино кенті және Саура жері зерттелді. Экспедиция барысында мұзда немесе суда, табиғи мекендеу ортасында 130-150-ге жуық итбалықтың бары анықталды.

Жағалау сызығынан алыста, далада немесе елді мекендерге жақын жерлерде итбалықтар байқалмады.

Каспий итбалықтарына арналған резерват құру – бұл жойылып кету қаупі төніп тұрған бұл түрді сақтау үшін маңызды қадам. Резерват олардың мекендейтін аймақтары мен жатақтарын қорғауға мүмкіндік беріп, популяциясының қалпына келуіне ықпал етеді.


13 наурыз, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.