Атырау, 12 желтоқсан 11:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Көрісу күні Атырау тұрғындары автобуста тегін жүреді

1 170 рет қаралды
Сурет: Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау қаласында 14 наурыз – Көрісу күні және 22 наурыз – Наурыз мерекесі күндері барлық қоғамдық көліктер қала тұрғындары мен қонақтарын тегін тасымалдайды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

- Мерекелік күндерге орай ұйымдастырылған бұл шара тұрғындардың туған-туыстарымен еркін қауышуына жағдай жасап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат етеді. Тегін тасымал қызметі тек Атырау қаласында ғана емес, қалаға қарасты ауылдық округтерді де қамтиды. Қоғамдық автобустар таңертеңнен кешке дейін қалыпты кестемен жүреді, - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Еске сала кетейік, Атырауда Наурыз мерекесіне арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар 14 наурыздан 22 наурызға дейін өтеді деп жоспарланған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

13 наурыз, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.