
Атырау қаласында Наурыз мерекесіне арналған мәдени-көпшілік шаралар 14 наурыздан басталып, 22 наурызға дейін жалғасады. Бұл туралы Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы хабарлады.
Басқарманың мәліметінше, биыл "Наурызнама" онкүндігі аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ауқымды мерекелік бағдарлама дайындалған. Әр күнге ерекше атау беріліп, ұлттық дәстүр мен салт-сананы дәріптейтін іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
Мерекелік іс-шаралар кестесі:
14 наурыз – «Көрісу» күні
Мереке театраландырылған қойылым және эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концертпен басталады.
Сағат 11:00-де.
15 наурыз – «Қайырымдылық» күні
Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясының мерекелік концерті өтеді.
Сағат 17:00-де.
16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні
Қалалық мәдениет бөліміне қарасты өнер ұжымдары ұлттық дәстүрлерді насихаттайтын концерт ұсынады.
Сағат 17:00-де.
17 наурыз – «Шаңырақ» күні
Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы мен Атырау музыка колледжінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Сағат 17:00-де.
18 наурыз – «Ұлттық киім» күні
Ұлттық киімдердің сән шеруі өтеді.
Сағат 15:00-де.
Кешкісін Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мен «Сармат» этно-фольклорлық ансамблі мерекелік концерт қояды.
Сағат 17:00-де.
19 наурыз – «Жаңару» күні
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Музыка факультеті мерекелік концерт өткізеді.
Сағат 11:00-де.
20 наурыз – «Ұлттық спорт» күні
Ұлттық спорт түрлері мен ұлттық ойындардан бұқаралық спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Сағат 17:00-де.
21 наурыз – «Ынтымақ» күні
Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мәдени шара өтеді.
Сағат 17:00-де.
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні
Таңғы уақытта театраландырылған қойылыммен эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен мерекелік концерт өтеді. Сағат 11:00-де.
Кешкісін қалалық кәсіби өнер ұжымдары мен эстрада әншілері сахнаға шығып, мерекені қорытындылайды.
Сағат 18:00-де.
Барлық іс-шаралар Атырау қаласындағы"Исатай-Махамбет" алаңында өтеді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ