Атырау, 5 желтоқсан 10:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Иранда тұңғыш рет әйел вице-президент болды

1 822 рет қаралды

Эльхам АминадзеЭльхам АминадзеИран Ислам Республикасының жаңа президенті нәзік жандылар өкілдеріне кең жол ашып отыр. Ел президентінің айтуынша, вице-президент болып тағайындалған Эльхам Аминадзе қажетті ғылыми білімдерге ие және заңнама саласында тәжірибелі.

Инаугурация кезінде сөйлеген сөзінде Хасан Роухани әйелдерге үлкен құқықтар беретінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ол хиджаб кимейтін нәзік жандылар өкілдеріне қатысты теріс көзқарастарды да сын тезіне алды. Көбіне-көп қатаң консервативтік нормаларға сәйкес киінетіндерге қарағанда, хиджаб кимейтін әйелдердің ар-ұяттары әлдеқайда үстемірек болады, деп атап көрсеткен ол. Оның сыртында Роухани әйелдердің экономика мен саясаттағы құқықтарына қысым жасаушылыққа да қарсы шығып отыр.

nesibeli.kz

14 тамыз 2013, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.