Атырау, 5 желтоқсан 09:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Израиль қорғаныс министрі: ​"Израиль әскері Сирияда белгісіз мерзімге қалуға дайын"

468 рет қаралды
Сурет: АА

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Сирияның жаңа әкімшілігіне қоқан-лоққы жасады, деп хабарлайды АА.

Ол Израиль армиясының Сирияда белгісіз мерзімге қалуға дайын екенін айтты. Министрдің айтуынша, Израиль армиясы Голан жоталары мен Галилея тұрғындарын қорғау үшін Сирияның оңтүстігіндегі қауіпсіздік аймағында орналасқан.

Сонымен қатар, Израиль әскері Сирияның оңтүстігінде қарулы элементтердің болуына жол бермеу үшін 40-қа жуық нысанға әуе шабуылдарын жасаған. Министр Кац Израильдің Сириядағы друз қауымдастығын қорғау үшін шаралар қабылдайтынын да атап өтті.

12 наурыз, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.