
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мұз жару жұмыстары бүгін Амангелді ауылынан басталып, өзен бойымен 30 шақырым аумақта жүргізілді.
Бұл шара мұз қабатын жасанды әлсірету арқылы су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған.

Құтқарушылар күннің жылынуына байланысты тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Олар мұз үстінде жүрудің қауіпті екенін ескертіп, сақтық шараларын назардан тыс қалдырмауға кеңес береді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау -8