
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 107 медицина маманы қажет. Олардың қатарында акушер-гинекологтар, терапевтер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер және басқа да салалық мамандар бар.
Белгілі болғандай, облысқа дәрігерлерді тарту мақсатында жергілікті бюджеттен көтерме қаражат төленеді.
Мәселен, 2024 жылы Атырау облысына Қазақстанның басқа өңірлерінен 53 маман қоныс аударса, сол 2024 жылы облыстан отбасылық жағдайға байланысты 52 маман кеткен.
Соған қарамастан Атырау облысына жұмысқа келген 159 дәрігер көтерме жәрдемақысын жергілікті бюджеттен алған. Осыған дейін ауылды жерлерге жетіспейтін тоғыз маманның әрқайсысы 10 миллион теңгеден алғанын хабарлаған едік. Аудан орталықтарындағы медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасқан 32 дәрігердің әрқайсысына 8,5 миллион теңгеден, Атырау қаласында жұмыс істеуді таңдаған 118 дәрігердің әрқайсысына 5 миллион теңгеден берілді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау 0