
Үстінде құтқару кеудешесі болғасын оны құтқарғанша балықшы суға батып кеткен жоқ. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінде бұл оқиға бойынша хабарлама түспегенін, ал адамды құтқару дерегі статистикаға енгізілетінін айтты. Ресми ақпарат бойынша жыл басынан бері суға кеткен адам тіркелмеген.
2024 жылы облыстағы су айдындарында 13 адам суға кетсе, оның сегізі бала болды. Ал он адам, оның ішінде төрт бала аман-есен құтқарылды.
Қазір мұз жұқа болса да, балықшының көбі құтқару кеудешесін киіп алып, балық аулауға шығады. Бұл мұздың үстіне шығу қауіпті екенін ескертіп жүретін ТЖД қызметкерлерінің талаптарының бірі. Алайда бұл талапқа құлақ аспайтындар да бар.
Айнұр САПАРОВА