
Жолаушылар сұранысын қанағаттандыру және әуетасымалдарды дамыту мақсатында ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп, тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
«FlyArystan» әуе кемелерінің паркі жаңа ұшақпен толықтырылды – Airbus А320CEO (180 орны бар). Бұл ұшақ «FlyArystan» әуе компаниясының флотында 25-ші болды.
Әуе кемесін пайдалануға беру әуе компанияның тасымалдау сыйымдылығын арттыруға мүмкіндік береді және «FlyArystan» маршруттық желісінің кеңеюіне ықпал етеді.
В Атырау -1