Атырау, 8 сәуір 07:09
 ашықВ Атырау +18
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Құрманғазы ауданында 16 отбасы баспаналы болды

676 просмотра

Олардың сегізі көпбалалы, қалғаны осал топ отбасы қатарынан. Тұрғындарға жаңа үйдің кілтін аудан әкімі Абат ЖАНҒАЛИЕВ табыс етті. 

Әр үй 0, 033 жер көлеміне орналасып, жалпы тұрғын үй көлемі 93,8 шаршы метрді құрайды. Құрманғазы ауылының "Құрылысшы" ықшамауданынан салынған баспаналардың құрылысын мердігерлер атқарып, оның әрқайсысын 20 млн теңгеге аудандық құрылыс бөлімі жергілікті бюджет қаржысы есебінен сатып алған болатын. 

Жаңа баспаналардың сыртқы бөлігі селикат кірпішпен қапталып, едендеріне ламинат төселді. Ал ас бөлмесінде газ плита орнатылып, кіреберісі жихазбен жабдықталса, су орталық құбырға қосылып, әр үй септикпен қамтылды. Баспаналар замануи үлгіде салынған.

- Жалпы аудан бойынша осы жылға 107 үйді табыстау жоспарланып отыр. Оның 16-сы тапсырылса, жуырда  ұлттық мереке "Көрісуде" тағы да үйлер табыс етілмекші, - дейді аудандық ТҮКШ бөлімі басшысы Руслан СИРАЖЕВ.

Жалпы ауданда тұрғын  үй кезегінде 1296 адам тұр. Оның ішінде көпбалалы отбасылар саны - 327, осал топ отбасы - 510. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 наурыз, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16