Атырау, 9 желтоқсан 03:39
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

ҚМДБ ауызашар бағасының негізсіз көтерілуіне қарсылық білдірді

411 рет қаралды

Қазақстан мұсылмандарының рухани басқармасы (ҚМДБ) ауызашардың бағаларын негізсіз көтермеуге шақырды. 

ҚМДБ халық арасында түсініспеушілік тудырып жатқан жағдайларды атап өтті, яғни кейбір мейрамханалар мен кафелер ас мәзірінің бағаларын шамадан тыс жоғарылатуда. 

Өкінішке қарай, соңғы кездері еліміздегі бірқатар мейрамхана, кафелер мен дәмханалардың иелері ауызашар мәзірінің бағасын өте жоғары ұсынып, халық арасында түсінбеушіліктің туындауына себепші болуда. Асыл дініміз ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді. Ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуі тиіс. Қасиетті Құранда: «... ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді», делінген мәлімдемеде.

ҚМДБ мейрамхана иелерін қарапайым және халыққа қолжетімді ас мәзірін ұсынуға шақырды.

12 наурыз, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.