
Бұл қадам қоршаған ортаны қорғау мен халыққа сенімді ақпарат беру шараларын күшейтуді көздейді, деп хабарлайды uza.uz.
Орхус конвенциясы халықтың экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуын, ақпарат алуын және әділ сотқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін халықаралық құжат. Ол алғаш рет 1998 жылы Данияның Орхус қаласында қабылданған.
Конвенцияның мақсаты:
Экология мен азаматтардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін шешімдер қабылдау кезінде қоғамның қатысуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік органдар экологиялық ақпаратты ашық түрде халыққа ұсынуы және олармен серіктесе жұмыс істеуі.
Өзбекстанның бұл қадамға баруы елдің экология және қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық деңгейдегі беделін арттырумен қатар, азаматтардың құқықтарын қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.