
Бір айдан бері «АЖ» жергілікті блогерлер салық органдарынан салық төлеу қажеттігі туралы хабарлама алып жатыр деген ақпараттың растығын анықтауға тырысқан еді.
Еске салайық, БАҚ-та 27 блогер және олардың жалпы сомасы 564 миллион теңгені құраған табысы туралы ақпарат шыққан болатын. Бұл ақпарат Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен түскені хабарланды. Бұл блогерлердің кім екенін, мемлекетке қанша қарыз екенін білуге тырысқанымызда, бұл салық құпиясы болып шықты.
Мемлекеттік кірістер департаменті қосымша сауалға келесідей жауап берді:
«Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 27 блогер туралы ресми ақпарат бермеді», - деп жауап берді Мемлекеттік кірістер департаментінің камералды мониторинг басқармасының басшысы Серіккерей Қуанов.
Ал «АЖ» редакциясына салық органдары қаладағы ойын-сауық мекемелерінің иелерінен кім жаңажылдық шаралар өткізгенін және мекеме әкімшілігінен есеп айырысу қалай жүргізілгенін сұрастыра бастағаны туралы ақпарат келіп түсті.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА