
Қазақстанда әуежайлар мен теміржол вокзалдарында қауіпсіздік шараларын күшейту жоспарлануда. Бұл шешім Алматы әуежайында орын алған оқиғадан кейін қабылданды: ішкі рейстер терминалында ер адам құжаттарын көрсетуден бас тартып, қызметкерге пышақпен шабуыл жасаған болатын.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта авиациялық қауіпсіздік қызметі мен көлік полициясының жұмысы тексерілуде. Нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қарастырылуда, оның ішінде әуежайлар мен вокзалдардың кіре берісінде қару-жарақты анықтау жүйесін орнату мүмкіндігі талқыланып жатыр.
Бұған дейін көлік торабының қауіпсіздігіне көлік полициясы жауапты болса, енді бұл міндеттер әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік қызметтеріне тапсырылған. Алматыдағы оқиғаға байланысты батыл әрекет еткен азаматқа Президент мемлекеттік награда тағайындау туралы тапсырма берді.
В Атырау -1