
14 наурыздан бастап «Атырау – Ақтау – Атырау» бағыты бойынша тұрақты автобус қатынасы іске қосылады. Автобус екі қаладан да күн сайын таңғы сағат 07:00-де жолға шығып, кешкі 19:00-де межелі жерге жетеді.
Билет бағасы:
Ересектер үшін – 7 000 теңге
Балалар үшін – 3 500 теңге.
Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, әзірге билеттерді онлайн сатып алу мүмкіндігі қарастырылмаған.
Билеттерді сатып алу орындары:
Ақтауда: 31 шағынаудан, «Сары базар» маңындағы автотұрақтан;
Атырауда: Баймұханов көшесі, 66А мекен-жайындағы автобекеттен алуға болады.
- 59 орындық бұл автобус ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес, әзірге пилоттық режимде екі айға шығарылып отыр. Осы уақыт ішінде халықтың сұранысы мен тиімділігі зерттеліп, оң нәтиже көрсеткен жағдайда тұрақты қатынас ретінде енгізіледі, - деп түсіндірді басқарма.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ