Атырау, 8 сәуір 1008
 ашықВ Атырау +24
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Атырау облысында биыл мың шақырымнан астам жол жөнделеді

1 408 просмотра

2025 жылы Атырау облысында жалпы ұзындығы 1052 шақырым болатын 72 жол жобасы іске асырылады. 

Бұл жұмыстар облыстың 45 елді мекенін қамтиды. Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының нәтижесінде облыстағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 82 пайызға жетпек.

Бұл туралы брифингте Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ержан Хайноллаев хабарлады.

Оның айтуынша, биыл Құлсары қаласының барлық көшелері 100 пайыз асфальтталады.

Биыл аяқталатын негізгі жобалар:

  • Құрманғазы – Приморье – Үтеры – Котяевка бағытындағы 29 шақырымдық жолды күрделі жөндеу.
  • Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз бағыты бойынша 87 шақырым жолды қайта жаңғырту.
  • Миялы – Ойыл бағытындағы 18 шақырым жолды күрделі жөндеу.
  • Тайсойған ауылына кіреберіс жол – 45,8 шақырым.
  • 7-разъезд – Асан – Азғыр – Сүйіндік – Балқұдық учаскесінің (0-36 шақырым) орташа жөндеуі.
  • Атырау – Индер бағытының 117-167 шақырым аралығындағы учаскесі орташа жөндеуден өтеді.

- «Атырау-Индер» автокөлік жолы былтыр су тасқыны салдарынан кешіктірілген болатын. Жұмыстар биыл толық аяқталған соң, екінші кезең бойынша 67-117 шақырым аралығындағы 50 шақырым жолды жөндеу жоспарланған, -деді Хайноллаев. 

Аудан және қала ішіндегі жолдар:

Исатай ауданы, Қызыл үй ауылына кірме жол – 32 шақырым

Махамбет ауданы:

Махамбет ауылішілік жолдары (1-кезең) – 11,3 шақырым

Тандай ауылының жолдары мен тротуарларын күрделі жөндеу – 6,1 шақырым

Алға ауылының жолдарын күрделі жөндеу – 5,1 шақырым

Құрманғазы ауданы:

Ақкөл – Қызылоба – 4-разъезд – Қиғаш автомобиль жолын қайта жаңғырту – 43 шақырым

Ақкөл ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту – 10 шақырым

Жылыой ауданы:

Құлсары қаласы мен Атырау аралығындағы жаяу жүргінші жолдары – 22 шақырым

Тұрғызба ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту – 2,8 шақырым

Шоқпартоғай ауылішілік жолдары – 3 шақырым

Майкөмген ауылішілік жолдары – 3,2 шақырым

Қосшағыл ауылішілік жолдары – 2 шақырым

Атырау қаласы:

  • Зарослый ауылішілік жолы – 13 шақырым,
  • Еркінқала ауылішілік жолы – 60,2 шақырым,
  • Әбілқайыр хан даңғылынан Сарықамыс Жастар көшесіне дейінгі учаскедегі жолды қайта жаңарту – 2,8 шақырым,
  • Жастар көшесінен Еркінқала кентіне дейінгі жолды қайта жаңарту – 11,7 шақырым,
  • С. Датов көшесі бойынша жолды қайта жаңарту – 4,7 шақырым,

Сонымен қатар биыл Атырау қаласындағы Махамбет, Азаттық, Әбілқайыр хан даңғылының жолдары мен Абай, Жарбосынов, Ерниязов, Молдағұлова көшесінің жолдары орташа жөндеуден өтеді.

- Биыл Атырау қаласында ең ірі жобалардың бірі – Сәтпаев даңғылының күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Жоба аясында жолдың ені кеңейтіліп, қосымша жолақтар салынады. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолдары да қарастырылған. Қазіргі уақытта мердігер компания анықталып, құрылыс жұмыстары ауа райы жылынғаннан кейін басталады, - деді Хайноллаев.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

12 наурыз, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16