
Жетісу облысында жолдың бұзылған учаскесі жедел түрде қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Ақсу ауданында "Жансүгіров-Матай" автожолының 34-ші шақырымында су өткелінің тозуына байланысты темірбетон құбыры мен жол төсемінің бір бөлігі жарылды.
Көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Жергілікті полиция қоршау белгілерін орнатты, ал ЖАО мен жол қызметінің күштері ТЖД-ны үйлестіруімен жедел жөндеу жұмыстарын жүргізді: құбыр өткелін төсеп, топырақты толтырып, нығыздады.
Қозғалыс қысқа мерзімде қалпына келтірілді. Қазір су транзитпен өтуде.
В Атырау -1