Атырау, 25 желтоқсан 11:56
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Маңғыстау облысында браконьерлер 5,2 млн теңге экологиялық шығын келтірді

2 159 рет қаралды

Маңғыстау облыстық прокуратурасы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Осы уақыт аралығында облыста браконьерлік фактісі бойынша 11 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде 6 қылмыстық іс бойынша 22 адамның қатыстылығы анықталып, 18-і қамауға алынды. 

Браконьерлердің қылмыстық әрекетінен мемлекетке 5,2 млн теңге көлемінде экологиялық шығын келген. 8 тұлғаға қатысты қозғалған 3 қылмыстық іс сотқа жіберілді. 

Сонымен қатар сот 10 тұлғаға қатысты 4 қылмыстық істі қарады. Олардың ішінде екеуі Қазақстан Республикасының азаматтары, үшеуі - РФ, 5-і Әзірбайжан Республикасының азаматтары. 

14 тамыз 2013, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.