Атырау, 24 желтоқсан 02:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Рекордтық өсім: Атырауда қолданыстағы жылжымайтын мүлік айтарлықтай қымбаттады

711 рет қаралды

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы ақпанда тұрғын үй нарығындағы баға мен алып-сатулармен бөлісті

Бір жылдағы баға өзгерісі:

  • Жаңа тұрғын үйлер – +4,8%
  • Қолданыстағы пәтерлер – +5,4%
  • Жалға беру – +12%

Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын үйдің жылдық мәндегі бағасы Павлодар 16,3% және Көкшетау қаласында 15% едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімінің көшін Атырау (18,7%), Қонаев (14,4%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында Талдықорған (31,1%), Астана (29,3%), Семей (22%) қалалары бастап тұр.

2025 жылғы ақпан айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 29 022 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 6 332 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 22 690 мәміле жасалды.

2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ақпанда ең жоғары өсім Павлодар (+17,3%), Солтүстік Қазақстан (+11,9%) және Алматы (+9,3%) облыстарында тіркелді. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Қызылорда (-24,8%), Атырау (-23,9%) облыстарында және Астана (-12,9%) қаласында болды.

12 наурыз, 02:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.