Атырау, 9 желтоқсан 03:38
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа салық енгізіледі

428 рет қаралды

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа жеңілдетілген салық режимі ұсынылды, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі LS басылымына.

Жаңа Салық кодексінің жобасына сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бірыңғай минималды салық төлейтін болады, оның мөлшері 4%-ды құрайды. Бұл төлемге зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру кіреді. Салықты өз бетінше қосымша арқылы немесе салық агенті (платформа) арқылы төлеуге болады.

Бұл режимді жылдық табысы 2025 жылы 16 миллион теңгеден аспайтын, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар пайдалана алады. Бұған дейін билік бұл жаңа салық БЖТ-ны (Бірыңғай жиынтық төлем) алмастыратынын мәлімдеген болатын.

11 наурыз, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.