Атырау, 9 желтоқсан 03:37
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Конституциялық Сот пойызға отырғызу кезінде мүгедектігі бар құжатты растау талабын тексереді

328 рет қаралды
Сурет: КС

Қазақстанның Конституциялық соты мүгедек жолаушылар пойызға отырғызу кезінде растайтын құжаттарды көрсетуді талап ететін норманы даулаған азаматтың өтінішін қарауға қабылдады. Өтініш беруші бұл талап теңдік принципін бұзады деп есептейді. Тексеру нәтижелері ресми түрде жарияланады.

Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша азаматтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларының 2-тармағы екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.   

Аталған нормаға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жол жүру құжатын (билет) сатып алған мүгедектігі бар адамдар пойызға отыру кезінде мүгедектігін растайтын құжатты немесе медициналық анықтаманы көрсетуге міндетті.    

Өтініш беруші дауланып отырған норманың мүгедектігі бар адамдар пойызға отыру кезінде оларға басқа жолаушылармен салыстырғанда қолайсыз (теңсіздік) жағдай туғызады деп есептейді.

Конституцияға сәйкестігін тексеру барысы мен нәтижелері туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.

11 наурыз, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.