Атырау, 23 қараша 14:25
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

90 жастағы желаяқ әже

2 394 просмотра

Мицу Морита есімді жапон қариясы әлем жұртын таң қалдырды. 90 жасқа келген әжей жүгірген кезде кәсіпқой спортшылардан еш кем түспейді. 100 метрлік қашықтықты ол 23,86 секундта бағындырып отыр. Әрине, ямайкалық Усейн Болттың жылдамдығы одан 2,5 есеге жылдам. Алайда, Усейн 27-де, ал әжейдің жасы 90-ды алқымдап қалған. 

Мицу Морита Жапонияның Яцусиро қаласында тұрады. Күніге таңертең ол ет жейді екен. Сонымен қатар, аптасына үш рет мектепке барып дене шынықтыруымен айналысады. 

Үлкен спортқа ол 2003 жылы келген. ол кезде жасы 80-де болатын. Қатарластарымен сынға түскен әжей 200 метр қашықтықты 40,78 секундта бағындырып, сол жарыстың жеңімпазы атанған. Араға бес жыл салып Морита дәл осы жарыста тағы да топ жарды, уақыты - 45,65 секунд.
Биыл жапондық желаяқ үлкен спортқа қайта оралды. Елде өткен жарыста 100 метрлік қашықтыққа жүгірген ол жарысты 23,86 секунд көрсеткішпен аяқтаған. Бұл қарттар арасындағы әлемдік рекордқа небәрі 0,6 секунд жетпейді. Дегенмен, бұған Моританың көңілі түсіп отырған жоқ. Ендігі арманым жүз жасқа дейін жүгіру дейді ол.  

13 тамыз 2013, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.