Атырау, 16 шілде 16:31
 дождьВ Атырау +33.6
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01

​Алматы әуежайында қылмыскерді құрықтаған азамат "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Бейнежазба
1 341 рет қаралды

Президент Алматы әуежайында көрсеткен ерлігі мен жанқииярлығы үшін М.С. Әбдірайымды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын", - делінген хабарламада. 

М.Әбдірайым құқыққорғау органының қызметкері емес. Ол бұл оқиғаға кездейсоқ ілігіп қалды. Болған жағдайға бей-жай қарамай қылмыскерге қыздың орнына өзін кепілдікке ұсынған. Сөйтіп қылмыскердлің қолындағы суық қаруды ығайы келгенде тартып алады. 

Оның ерлікке пара-пар әрекетінен жағдайдың ушығып кетуіне жол берілмеді. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері оның ерлігін жоғары бағалап, мемлекеттік марапатқа ұсынған болатын. 


7 наурыз 2025, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.