Атырау, 9 желтоқсан 03:39
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

​Абай облысында автобус жүргізушілерінің еңбек құқықтары қорғалды

1 204 рет қаралды

Семей қаласының прокуратурасы жергілікті кәсіпорындардың бірінде жұмыс беруші еңбек тәртібін бұзғаны үшін жүргізушілерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қайшы заңсыз айыппұл санкцияларын енгізгені анықтады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, еңбек тәртібін бұзғаны үшін айыппұл ретіндегі жауаптылық қарастырылмаған. Аталған тәртіптік жазаны қолдану заңсыз болып табылады.

Қала прокуратурасының араласуымен кәсіпорында еңбек дауы алдын алынды. Жұмыс берушінің заңсыз бұйрығының күші жойылып, кәсіпорындағы 125 қызметкердің конституциялық құқықтары қорғалды.

7 наурыз, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.