Атырау, 9 желтоқсан 03:35
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Отандық әуе компания мамырдан бастап Германияға қатынайтын жаңа бағытты іске қосады

1 135 рет қаралды
Сурет: scat.kz

ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың 27 мамырынан бастап қазақстандық "SCAT" әуе компаниясы Шымкент – Мюнхен бағыты бойынша Германияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) орындалады. Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады.

Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

7 наурыз, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.