Атырау, 9 желтоқсан 03:35
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Алматы әуежайында пышақ ұстаған ер адам қауіпсіздік қызметкеріне шабуыл жасады

Бейнежазба
1 201 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

Оқиға ұшу алдындағы тексеру аймағында болды, қаскөй тез арада ұсталды, деп хабарлайды BES.Media.

Оқиға 7 наурыз күні, сағат 11:45-те ішкі рейстер терминалында (Т1) орын алған. Шабуылдаушы өзін жолаушы ретінде көрсетіп, ұшу алдындағы тексеру аймағына кірмек болған. Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері одан құжаттарын көрсетуді сұрағанда, ол қызметкерге шабуыл жасап, оның шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастаған.

7 минуттан кейін шабуылдаушы желілік полиция бөлімі мен әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің бірлескен күшімен залалсыздандырылды. Қазір ол қамауда, оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары тергеп жатыр.

Әуежай штаттық режимде жұмысын жалғастыруда және жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші орында екенін мәлімдеді.

7 наурыз, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.