Атырау, 9 желтоқсан 03:35
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Астанадағы үш адамның өмірін қиған өрт: жатақхана иесі 5 жылға сотталды

1 120 рет қаралды
Сурет: freepik.com

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің анықтау басқармасының үйлестіруімен Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылғы маусымда болған жатақханадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Нәтижесінде үш адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған адам қайтыс болды.

Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292 — бабы 3-бөлігі: екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша жүргізілді.

Жатақхана иесі шарттар мен қажетті құжаттарды рәсімдемей бөлмелерді заңсыз тапсырғаны анықталды. Өрт қауіпсіздігі талаптары туралы түсіндірме жүргізетін қызметкерлерді елемей, олардың талаптарына құлақ аспаған, ғимаратта өрттен қорғау құралдары болмаған.

Сот талқылауы барысында сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

7 наурыз, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.