Атырау, 9 желтоқсан 03:38
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Қазақстандық әйелдердің орташа жасы 34 жас, ал жұмыс істейтін әйелдер саны 4,4 млн

947 рет қаралды
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, халық санындағы әйелдер үлесі 51,1% құрайды.

Қазақстандағы әйелдер саны 10 381 377 адам, бұл республика халқының 51,1 пайызын құрайды. Соңғы он жылда әйелдер саны 15,2 пайызға артқан.

Әйелдердің 64,4 пайызы қалада, 35,6 пайызы ауылда тұрады.

Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында 1,2 миллион әйел тұратын Алматы қаласы көш бастап тұр. Екінші орында 1 миллион әйелмен Түркістан облысы, үшінші орында 803 мың нәзік жанды қауым бар Астана қаласы тұр.

Соңғы он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалды – 82,1%. Алматыда өсім - 37,5%, Маңғыстау облысында - 32,5% болды.

Әйелдерді жас санаттары бойынша бөлетін болсақ, 18 жасқа дейінгі 3,3 миллион қыз, 18 бен 60 жас аралығындағы 5,3 миллион әйел, 60 жастан асқан 1,7 миллион әйел бар. Қазақстан әйелдерінің орташа жасы 34,1 жасты құрайды.

Бүгінгі таңда 4,4 миллион әйел әртүрлі салаларда, басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейді.

7 наурыз, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.