Атырау, 9 желтоқсан 17:04
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

​Қарағанды балабақшасынан 300 млн теңгеден астам ақша жымқырылды

367 рет қаралды

Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды,  деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы. 

Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

6 наурыз, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.