Атырау, 9 желтоқсан 17:00
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

​59 кг героин мен 10 кг гашиш: есірткі тасымалдаушы 15 жылға сотталды

457 рет қаралды

Павлодарда аса ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалау ісі бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.

Қырғыз Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы қарбыз жүгінің ішінде жасырылған тыйым салынған заттарды заңсыз өткізгені үшін кінәлі деп танылды. Тергеу нәтижесінде 59 килограммнан астам героин мен 10 килограмм гашиш тәркіленді.

Сотпен шетелдік азамат кінәлі деп танылды және 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сонымен қатар, сот Қазақстан Республикасының азаматын жоғарыда аталған ауыр қылмыс туралы алдын ала біле тұра, құқық қорғау органдарына хабарламағаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

6 наурыз, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.