Атырау, 9 желтоқсан 17:00
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

​Павлодарда «TAKORP» қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды

428 рет қаралды
Сурет: видеодан алынған скрин

Павлодарда «TAKORP» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына 
пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан, деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторингі агенттігі. 

2024 жылдың наурыз бен қыркүйек айлары аралығында күдіктілер «TAKORP» қаржы пирамидасын басқарғаны анықталды, ол АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде қызмет еткен.

Қатысушыларды тіркеу үшін электрондық криптобиржа «ОКХ» арқылы криптовалюта сатып алуды ұсынған.

Негізгі шарттардың бірі кемінде 5 жаңа салымшы тарту болған. Бұл шартты орындау арқылы құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне кепілдік берілген.

50-ден астам азамат осы уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін ақша салып, өз деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонустар алуға үміттенген.

Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 50 млн теңгеден асты.

Күдіктілер салымшылардың ақша қаражатына Павлодар қаласында 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңге сомасына 4 депозит ашқан.

Сот санкциясымен жылжымайтын мүлік пен ақша қаражаттарына тыйым салынды. 

Күдіктілерге қатысты «үйқамақ» және «елден кетпеу туралы қолхат» түрінде шара қабылданды.


6 наурыз, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.