
ҚР Ұлттық банкінің, «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаздың» ресми сайттары жұмыс жасамай қалды, деп жазады BES.Media.
Веб-сайттарға кіргенде, беті жүктеліп болмайды, содан кейін: «Сайтқа кіру мүмкін емес» деген мәтінде хабарлама шығады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Мемлекеттік техникалық қызмет және Цифрлық даму министрлігі BES.media редакциясына бұл олардың құзыретіне кірмейтінін айтады.
ҚМГ баспасөз қызметі өздерінде проблема жоқ екенін, «мүмкін серверде ақау болған шығар» деп түсіндірді. Ұлттық банк ақаудың себептері анықталып жатқанын хабарлады.
В Атырау 0