
Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдарды қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Депутаттар атап өткендей, келісімдерді ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқықтық ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.
Келісімдерде көрсетілетін көмектің тізбесі, одан бас тарту үшін негіздер, құпиялылық туралы шарттар және сұрау салуды орындау кезінде алынған мәліметтерді немесе дәлелдемелерді пайдаланудағы шектеулер егжей-тегжейлі айқындалады. Сондай-ақ күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдеу үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу көзделген. Іздестіріліп жатқан адамдарды экстрадициялау, оның ішінде адамдарды кейінге қалдыру немесе уақытша ұстап беру мәселелері де ескерілді. Уағдаласушы мемлекеттердің өз азаматтарын беруі көзделмейтінін атап өткен жөн.
В Атырау 0