Атырау, 23 қараша 14:24
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ютор» дауылы Қытайға жақындап келеді

4 499 просмотра

Бүгін Қытайдың оңтүстігінде, Гонконг пен Макаода «Ютор» қуатты тынық мұхиты дауылының жақындауына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Қазіргі таңда ол Оңтүстік Қытай теңізінде, жағалаудан 440 шақырым жерде соғып тұр, деп хабарлады ИТАР-ТАСС жергілікті обсерваторияға сілтеме жасай отырып.

Тропикалық жаңбыр мен жылдамдығы сағатына 180 шақырымға жететін дауылды желді әкелетін циклонның ықпалына тұрғындары тығыз орналасқан оңтүстік қытайлық Гуандун провинциясы, Гуанси-Чжуан автономдық ауданы мен Хайнань курорттық аралының билігі дайындалуда. 

Метеорологтардың болжамы бойынша, үлкен атмосфералық дауыл құрлық жағалауына сәрсенбі күні кешке жетеді, дегенмен өңірде ауа райы бүгін бұзыла бастайды.

Бұғанға дейін «Ютор» Филиппин аралдарында соққан, оның салдарынан екі адам қаза тауып, оннан астам адам із-түссіз жоғалған болатын.]

bnews.kz

13 тамыз 2013, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.