Атырау, 9 желтоқсан 17:04
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

​Амангелді Исенов Жоғары аудиторлық палата мүшесі болып тағайындалды

442 рет қаралды
Сурет: t.me/mspotkay

Сенат отырысында депутаттар бұған дейін Қаржы және бюджет комитеті аясында бұл мәселені талқылап, Жоғары аудиторлық палата мүшелігіне ұсынылған Амангелді Исеновтің кандидатурасын қолдады.

Амангелді Исенов Қарағанды металлургия институтын бітірген. Алматы Менеджмент Университетінде МВА дәрежесі бар. Stanford University Graduate School of Business-те LEAD бағдарламасын бітірген.

Ұзақ жыл Қаржы министрлігінде, Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорында, жеке құрылымдарда жауапты қызметтер атқарды. Соңғы жылдары Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары және Қазақстан даму банкі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

6 наурыз, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.