Атырау, 9 желтоқсан 17:04
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

​Монополияға қарсы орган «Fly Arystan» билет құнын белгілеу кезінде кемшілік жібергенін анықтады

442 рет қаралды

Монополияға қарсы орган «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысы тарапынан үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады. Талдау барысында авиабилеттердің құны брондаудың әртүрлі кезеңдерінде автоматты түрде қосылатын жасырын қосымша ақылар есебінен өскені анықталды.

«Авиатасымалдаушы әуе билеттерін сату кезінде транзакция үшін комиссия алу арқылы әуе билетінің құнын арттырған. Бұл «drip pricing» деп аталады, демек, «тамшылап баға өсірген». Негізінен еуропалық заңнамада бұған мүлдем тыйым салынған. Осы  фактілерді біз анықтап, авиатасымалдаушыға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жолдадық. Ол кейіннен орындалды», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы Марат Омаров БҚДА алқа отырысында.

Қазіргі уақытта Агенттік ішкі авиатасымалдар нарығына қатысты монополияға қарсы талдау жүргізілуде.

5 наурыз, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.