Атырау, 9 желтоқсан 16:07
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Ерсайын Хамитов Отбасы банкінің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

465 рет қаралды

Ерсайын Ерболатұлы Хамитов «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды PRO Кадры KZ телеграм-каналы.

1983 жылы туған, 2022 жылдан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2016 жылдан бастап Холдингтің басқарма мүшесі.

Банк саласында және корпоративтік басқаруда 14 жылдық тәжірибесі бар. 2009 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Инвестицияларды басқару департаментінің бас менеджері, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2004-2009 жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Қостанай филиалы) несие талдау секторының меңгерушісі, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Несие талдау департаментінің бас талдаушысы, «БТА Банк» АҚ Корпоративтік бизнес басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

Қостанай мемлекеттік университетін (қаржы және несие) бітірген; МГУ-да MBA бағдарламасы бойынша оқыған.

4 наурыз, 13:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.