Атырау, 9 желтоқсан 16:07
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

«Бәйтерек» холдингінің капиталы 1 трлн теңгеге ұлғаяды

272 рет қаралды
Сурет: «Байтерек» холдингінің баспасөз қызметі

Үкімет «Бәйтерек» холдингінің капиталын 1 трлн теңгеге ұлғайтады, инвестициялар жаңа жобаларға бағытталады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. 

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында биыл экономикалық өсу қарқынын арттыру бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндады

Ол бұл үшін Үкімет осы жылы және одан кейінгі жылдары экономиканың нақты секторын қаржыландыруды едәуір арттыруды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Атап айтқанда, Үкімет «Бәйтерек» холдингінің капиталын 1 трлн теңгеге ұлғайтады, бұл өз кезегінде холдингке 2025 жылы 8 трлн теңгеге жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

«Аталған инвестициялар елімізде жаңа жобаларды құруға бағытталатын болады, бұл өңдеу өнеркәсібінің өндіріс қуатын ұлғайтып, өнімділігі жоғары жаңа жұмыс орындары ашуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Спикер «Бәйтерек» тарапынан бизнесті қолдау үшін қаржыландыру көлемін ұлғайтудан бөлек, қаржыландырудың жаңа құралдары енгізілетінін түсіндірді.

4 наурыз, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.