Атырау, 9 желтоқсан 16:07
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

​Қазақстанда жиһаз өндірісінің көлемі 27,6 %-ға артты

301 рет қаралды
Сурет: gov.kz

2024 жылы жиһаз өндірісінің көлемі 105,4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 27,6 %-ға артты. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті хабарлады. 

Саладағы нақты көлем индексі 112,6% құрады. Өндірістің өсуіне төсек пен шкафтардан басқа жатын бөлмеге арналған ағаш жиһаздың  41,5%-ға және кеңселерге арналған ағаш жиһаздың 11,9%-ға артуы әсер етті.

Өткен жылы жиһаз өнеркәсібінің негізгі капиталына 6,8 млрд теңгеден астам инвестиция бағытталды. Экспорт көлемі 16,8 млн АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 18,9%-ға өсті. Өнім негізінен ТМД елдеріне жөнелтілді.

Ішкі нарықтағы жиһаз өнімдерінің тұтыну көлемі 309,8 млрд теңгеге жетті. Отандық тауар өндірушілердің үлесі 31,5% болды. Жалпы салада 1 791 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 1785-і – шағын, 5-і – орта, біреуі ірі кәсіпорын.

Жиһаз өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп көлеміндегі үлесі 0,2%-ды, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 0,4%-ды құрады. Мәліметтерді «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы ұсынған.

4 наурыз, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.