Атырау, 9 желтоқсан 16:07
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

СҚО-да айналма каналдар салынып, бөгеттер плиталармен нығайтылуда

301 рет қаралды
Сурет: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Бүгін, 4 наурызда  СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл мен Қызылжар ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстарын және арналардың құрылысын тексерді, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.

Қызылжар ауданында Соколовка, Большая Малышка және Вагулино ауылдары су басу қаупі бар аймақтарда орналасқан. Қауіпті  азайту мақсатында Соколовка маңындағы Есіл өзенінде жаңа айналма канал жасалуда. Бұл жұмыстар  осы ауылдарға жақын өзеннің су өткізу қабілетін ұлғайтады.

Сурет: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Тасқынның шарықтау шегінде Петропавл су торабы  арнаның тарылуы салдарынан суды қажетті көлемде өткізе алмайды.  Бұл мәселенің шешімі - Заречный кентінің жанында айналма канал құру. Қазір ұзындығы 3,7 км болатын арнаның құрылысы белсенді жүргізілуде,  ол алғашқы кезеңде суды өткізуді қамтамасыз етеді.

Сурет: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Сонымен қатар, Ущев пен Былғары кенті бөгеттеріне темірбетон плиталарын төсеу жалғасуда. Бұл жұмыс бөгеттердің беріктігін арттырып, олардың шайылуын болдырмайды және шағын аудандарды су басудан қорғауды қамтамасыз етеді.

4 наурыз, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.